Көксу ауданында “PFIZER” вакцинасы бойынша АТА-АНАЛАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ жүргізілуде ???
Көксу аудандық орталық аурухана қызметкерлері өлкедегі мектептерді аралап жүр. Бұл жұмысқа 2 бригада жұмылдырылған. Олар тұрғындардың көкейтесті сауалдарына жауап беріп, екпе туралы кеңінен ақпарат беріп, бөлісіп жатыр. Айта кетейік, ауданда 25 білім ордасы бар. Ақ халаттылар бүгінде 6-ын аралап үлгерді.
Айта кетейік, АҚШ-тан келген короноіндетке қарсы препарат еліміздегі 12-17 жас аралығындағы балаларға, жүкті және бала емізіп жүргендерге салынады. Екпе ерікті жүргізіледі. Ал, оқушыларға ата-анасының рұқсаты қажет.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/751-k-ksu-audanynda-pfizer-vaktsinasy-boi-ynsha-ata-analarmen-t-sindiru-zh-mysy-zh-rgizilude.html#sigFreeId9b167dd89e