Сіздердің назарларыңызға Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу аудандық орталық ауруханасының» 2023 жылдың 6 айындағы Денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасының аясында атқарылған іс-шаралары және жеткен жетістіктері туралы мәлімет ұсынамын.
Сіздерге белгілі Көксу ауданының тұрғындарына 125 төсектік орталық аудандық аурухана, -күніне 250 адам қабылдайтын емхана,- 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, -9 фельдшерлік-акушерлік және -10 медициналық пункттер медициналық көмек көрсетеді.
Осы аталған мекемелерде 76 дәрігер, 311 орта буын медицина қызметкерлері еңбек етеді.
Медицина қызметкерлерінің атқарылып отырған іс шаралары Денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Дені сау ұлт» Ұлттық жобаның индикаторларына қол жетілімдігін қамтамасыз етуде .Осы бағытта бір шама жетістіктеріміз бар, атап айтсақ:
Туу көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда көтерілегені байқалады 2023 жылдың 6 айында 424 сәби өмірге келді, туу көрсеткіші 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда –20,1 құрады (2022 жылы – 415 нәресте дүниеге келіп , туу көрсеткіші – 19,4 құрады).
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда бір шама төмендеген -2023ж-124 тұрғын қайтыс болса (1000 түрғынға шаққанда –7,0 құрады) 2022 жылы -137 тұрғын қайтыс болған ( 7,6 көрсеткішті құраған ),13 науқасқа азайды.
Халықтың өмір сүру денгейіне әсер ететін Әлеуметтік маңызы бар аурулардың көрсеткіштеріне келсек :
Қан тамыр ауруларының өлім-жітімі 2022 жылдың 6 айымен салыстырғанда сәл төмендеді
- 2023 жылы- қан тамыр ауруының салдарынан 18 науқас қайтыс болса -100 мың тұрғынға шаққанда -85,4 құрады.
-2022 жылы -21 адам- 99,6 құраған
-Туберкулез ауруының аурушандығы осы жылдың 6 айында төмендегені байқалады.
-2023 жылы- 12 науқаста алғашқы рет туберкулез ауру анықталса ( 100 мың тұрғынға шаққанда -56,9 құрады)
- 2022 жылы- 16 науқас анықталған –көрсеткіш-75,9 ,4 науқасқа азайды.
Қатерлі ісік ауруының өлім-жітімі де айтарлықтай төмендегені байқалады
2023 жылы-9 науқас осы дерттің салдарынан қайтыс болса 2022 жылы 18 науқас көз жұмған
Стационарлық медициналық көмекке келсек жылдан жылға емделген науқастардың саны артып келеді :
-2022 жылдың 6 айында 2003 науқас емделсе,
-2023 жылдың 6 айында -2366 науқас емделіп сауықтырылды,363 науқасқа көбейіп отыр.
Және де стационарды алмастыратын көмек алған науқастардың саны артып отыр:
-2022 жылы-1319 науқас емделсе
-2023 жылы-1451 науқас емделді. 132 науқасқа артуда,
Осы орайда айтып кетін жақсы нәтиженің бірі ол жоспарлы түрдегі оталар саныда 2023 жылы бір шама өсіп отыр:
-2022ж-155 ота жасалып ,оның ішінде 32 ота жоспарлы түрде болса -20,6 пайыз
-2023 жылы барлығы 295 ота жасалып оның ішінде 111-і жоспарлы түрде жасалады 37,6 пайызы, және 2022 жылдан бастап эндоскопиялық тәсілмен жасалған оталар саны артып келеді.Бұл қуантатын жағдай ,себебі эндоскопиялық жолмен жасалған оталардың науқасқа тиімділігі көп.
Осы жерде айтып кететін атқарылған іс шараның бірі ол аудан тұрғындарына медициналық көмектің қол жетілімдігін арттыру мақсатында 2023 жылдың сәуір айында Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарын ауданға екінші рет шақырып,300 ден астам тұрғындар жоғары мамандырылған медициналық көмек алды,және 37 науқас аталған мекемеде оталар жасауға жолдамаға ие болды.Аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен бірлесіп ауданның 2 тұрғынына күрделі ота жасалып, біздің хиругтар тәжірібелерін көтеру мүмкіндікке ие болды.
Сіздерге белгілі ауданда медицина саласының проблемаларының бірі ол маман тапшылығы, осы мәселені шешу мақсатында 2023 жылдың сәуір айында жыл сайын өтетін Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ұйымдастырылған «Жас маман» жәрменкесіне қатысып ,жұмыстар жүргізілді,нәтижесінде тамыз айында мамандар келеді деген жоспар бар, және де «Еңбек» порталы арқылы қажетті мамандар тізімін орналастыру арқасында ауданға 2023 жылдың 6 айында 8 маман тартылды, атап айтқанда ол Узист, маммолог,онколог,неврапатолог,педиатр, және 3 отбасылық дәрігер.Бүгінгі күні тапшылық қөз дәрігері ,және Мукры,Жарлыөзек,Тамшыбай,Мәмбет ауылдарына отбасылық дәрігерлер қажет.
Маман тапшылығын шешу үшін әкімшілік тарапынан ауруханаға 8 пәтер берілген( 2019 жылы-6 пәтер,2022 жылы -1 пәтер ,2023 ж-1 пәтер) және де «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2022 жылы 3 дәрігер пәтер алды, бірақта бұл әлі де жеткіліксіз.
Ауылды жерлердегі тұрғындарға медициналық көмектің сапасын арттыру ,қолжетілімдігін қамтамасыз ету ,мамандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында жыл бойы , жылжымалы медициналық кешен арқылы дәрігерлер бригадасын құрып,ауыл тұрғындарына көмек көрсетуде.
Тағы өзекті мәселенің бірі ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аудан тұрғындарының толығымен қатыспауы, аудан бойынша 8189 тұрғын медициналық көмектен тыс қалуы. 2022-2023 жыл аралығында тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстарын аурухананың орынбасарлары арнайы кесте құрып әр елді мекенге барып жүргізді, және де директор өзі мәселенің өзекті болғаннан барлық ауылдарға барып халықпен жүздесіп түсіндіру жүмысын жүргізді
Сақтандыру мәртебелері жоқ тұрғындар медициналық қөмектерден тыс қалмау үшін денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың қараша айынан бастап аурудың алдын алуға арналған профосмотр өткізу жоспарын құрып, жүргізілді 2023 жылы жалғасуда. Атап айтқанда ол 18 жастан 70 жасқа дейін барлық тұрғындар қан тамыр ,бүйрек ,асқазан аурулары, және 50 жастан -70 жасқа дейін өкпе ауруларын анықтау үшін емхана мен ауылды жерлердегі медициналық мекемелерге шақырылады. Бүл өзі үлкен жүмыс медициналық қызметкерлерге жүктелуде.
Барлық іс шараларды атқарып отырған ол медицина қызметкерлері,атап айтқанда маман потенциалы ауданымызда бар, және де олардың біліктілігіне әр дайым көңіл бөлінеді, білімдерін көтеру мақсатында оқыту курстары ұйымдастырылады ,Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің шешімімен Көксу аудандық орталық ауруханасы «Үздік тәжірібелді емхана» атты жобаға еңгізілді. Бүгінгі күні осы аталған жобаны іске асыру мақсатында бір шама өзгерістер енгізіп,жұмыс атқарудамыз,атап айтқанда Астана қаласынан білікті мамандарын шақырып,қызметкерлерді оқыту барысындамыз.
Материалды техникалық базаны нығайту сұрақтары да күнделікті мән беріліп жұмыс атқарылады,атап кететін аудан тұрғындарына бүгінгі күні КТ –аппарат қажет болып тұр, себебі ең сұранысқа ие зерттеудің бірі өзімізде жоқ болғандықтан басқа қалалық мекемелерге науқастарды жіберуге мәжбүрміз. Осы зерттеулерге қыруар қаражат аурухананың есебінен жұмсалады. мәселені шешу үшін бір талай жұмыс атқарылып,нәтижесінде жақын арада КТ аппарат орнатылатын болды,дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Және айтып кететін тағы бір жақсы жаңалығымыз биыл эксперттік денгейдегі УЗИ аппарат алынды.
Айта кететін мәселенің бірі ол Орталық аудандық аурухананың негізгі ғимаратына күрделі жөндеу жұмысының қажеттілігі. Себебі -2019 жылы күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген, бірақта қаржының тапшылығына байланысты негізгі ғимарат жөнделмеген. 2023 жылға ағымды жөндеу жұмысы аясында стационарлық бөлімдеріне желдеткіш жұйесіне 45 млн тг бөлініп,жұмыс атқарылуда.
Ауылды жерлердегі медициналық пунктердің ғимараттары ескірген,бейімделген Материалды-техникалық базаны нығайту барысында арнайы жоспар құрылып,2025 жылға дейін барлық ауылды жерлердегі медициналық пунктердің ғимараттары жаңарту көзделуде.. 2022 жылы Жамбыл ауылына блокты-модулды ФАП орналастырылды.2023 жылы Енбекшиказақ,Ақшатоған ауылдарына Фаптың жаңа ғимараты салынып ,қолданысқа берілді. Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық жобасына сәйкес «Ауылды жерлердегі денсаулық сақтау мекемерін модернизациялау» бағдарламасы бойынша 2023 жылы ауданымызда 3 ФАП (Бескайнар,Кызылтоған,Каратал ауылдарында) 2024 жылы 1 Фап ( Жетыжал ауылында) салынады деп жоспарланды, және 2023 жылы ауданға 4 Блокты- модульды медициналық пунктер (Актекше,Муканшы Жарлыөзек округінің ,10 жылдық Қазақтан,және Мауленбай ауылдарында ) орналыстыру басталды,1,5-2 ай ішінде аяқталады. 2024-2025 жылдар аралығында осындай блокты-модулды медициналық пунктер Кенерал,ПЧ-45, Надризбек,Мұканшы округінің Муканшы ауылдарында орналастыратын болады. Нәтижесінде 2025 жылға барлық медициналық пунктер ғимараттары жаңарады деп күтілуде.