Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні. Ақ халаттылардың төл мерекесі қарсаңында Көксу ауданының мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Аудандық дәрігерлері бас қосты. Оларды Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы құттықтады. Ерекше маман иелерінің жұмыстарына табыс тіледі. Шара барысында Көксу аудандық орталық ауруханасының директоры Садықов Асқар Маратұлы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атты төсбелгісімен марапатталды. Дәл осындай медальді аудандық аурухананың балалар дәрігері Қалдыбаева Мабдуға Мұхатайқызы алды. Сондай-ақ, «Медицина саласына сіңірген еңбегі үшін» алғыс хатымен аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем фельдшері Диханбаев Дархан Серікұлы мен аудандық емхананың медбикесі Шерубаева Жанар Қыдырқожақызы алды. Салтанатты жиында бірқатар аурухана қызметкерлеріне алғыс хат табыс етілді. Дәрігерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында концерт ұйымдастырды. Жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, мереке көркін қыздырды.




1.jpg
2.2.jpeg
3.jpeg
4.jpeg
- Миссия
- Құрылымы
- Басшылық
- Жұмыс кестесі
- Нормативтік құқықтық актілер
- Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
- Мемлекеттік сатып алу
- Корпоративтік басқару
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
- Ақылы қызметтер
- Дәрігерлер тізімі
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары
- Бос орындар
- Стратегиялық жоспар және атқарылған жұмыстар
- КДУ қызметтерін жеткізушілер
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
- Науқастың жол бағыты
- Мемлекеттік қызметтер