Көксу аудандық ауруханасының қызметкерлері иммундау апталығы аясында "Барлығына ұзақ өмір" атты акция ұйымдастырды. Шара барысында жергілікті тұрғындарға иммундаудың тиімділігі мен оның маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Вакцина - әр адамның ұзақ және салауатты өмір сүруін қамтасыз етеді. Сонымен қатар иммунитетін көтереді. Қазіргі уақытта вакцина барлық медициналық мекемелерде қолжетімді. Естеріңізге сала кетсек, Еуропалық иммундау апталығы елімізде 2007 жылдан бері өткізіледі.