24.04.2018 ж Аудандық орталық аурухана, Жастар ресурстық орталығы мамандарының, Аудандық білім бөлімі, АІІБ, бірлестіре ұйымдастырумен «Біз - нашақорлыққа қарсымыз!» акциясы өткізілді. Акция флешмоб түрінде өтті. Флешмобқа Балпық би ауылы мектептерінен 70 оқушы қатысты.
Шараның мақсаты: Жастар темекі, арақ, нашақорлықтың зиян және әр түрлі заң бұзушылықтарға әкелетінін біліп, салауатты өмір салтын ұстау, қоғамда өз үлестерін қосып, үлкен шараларға белсенді қатысу қажеттігі түсіндіру.