"Қос қанат жетісу " мекемесі мен Көксу орталық аудандық ауруханасының қызметкерлерімен бірігіп, "Дұрыс тамақтануды насихаттау" акциясын ұйымдастырды. Олар халық көп шоғырланған аумаққа барып, халыққа дұрыс тамақтану ережелерін түсіндірді. Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады; Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн; Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді. Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары: Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек. Жалпы, мамандар тұрғындарға тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі екенін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.



