Көксу аудандық ауруханасында 12 мамыр медбикелер күні қарсаңында "Ең үздік медбике" байқауы өтті. Ұжымдағы 14 мейірбике бақ сынады. Қатарында ауданға қарасты ауылдардағы амбулатория мен фельдшерлік пункт медбикелері де қатысты. Олар 5 кезең бойынша сайысып, өзара сынға түсті. Өздерін таныстырып, өнерлерін танытып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Үздіктердің үздігі болып бас жүлдені - емхананың медбикесі Мәншүк Бұршақбаева алды. Байқаудың қазылар алқасы екі 1-ші орын берді. Жан сақтау бөліміндегі Гүлім Әбдікәрімова мен балалар кеңесі бөліміндегі Дина Шыныбековаға 1-ші орын бұйырды. Қазылар алқасы өкілдерінің айтуынша, таңдау жасау оңай болмады. Өйткені, барлығы жоғары дайындықпен келген дейді. Сондықтан әр орынға екі жеңімпаз анықтауға шешім қабылдаған. Айта кетейік, жеңімпаздар медицина қызметкерлері күнінде салтанатты түрде марапатталатын болады.




1.jpg
2.2.jpeg
3.jpeg
4.jpeg
- Миссия
- Құрылымы
- Басшылық
- Жұмыс кестесі
- Нормативтік құқықтық актілер
- Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
- Мемлекеттік сатып алу
- Корпоративтік басқару
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
- Ақылы қызметтер
- Дәрігерлер тізімі
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары
- Бос орындар
- Стратегиялық жоспар және атқарылған жұмыстар
- КДУ қызметтерін жеткізушілер
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
- Науқастың жол бағыты
- Мемлекеттік қызметтер