Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:
үй-жайларда міндетті маска кию талабын алып тастау;
медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды кию міндетін өз күшінде қалдыру;
адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска киюді ұсынымдық сипатта қалдыру;
білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.
Сондай - ақ ВАК шешімімен «Pfizer» препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:
бастапқы вакцинациялаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар;
түрлі себептер…