Жетісу облысы әкімдігінің "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көксу аудандық орталық ауруханасы" МКК ресми сайтына қош келдіңіздер!!!
AA+
Жетісу облысы әкімдігінің "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көксу аудандық орталық ауруханасы" МКК
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Жедел жәрдем шақыру
Біз сіздің сұрауыңызды алдық және оны жақын арада өңдейміз! Өкінішке орай, сұрауыңызды өңдеу мүмкін болмады.
Үйге дәрігер шақыру
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Онлайн рецепт бойынша тапсырыс беру
Жетісу облысы әкімдігінің "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көксу аудандық орталық ауруханасы" МКК ресми сайтына қош келдіңіздер!!!
Жетісу облысы әкімдігінің "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көксу аудандық орталық ауруханасы" МКК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

1.jpg
2.2.jpeg
3.jpeg
4.jpeg
previous arrow
next arrow

2017 жылдың 26 мамырында аудандық орталық мәдениет үйінде аудандық орталық аурухананың орта буын қызметкерлерін Талдықорған қаласындағы медицина колледж маманы Т.Б.

Корниловамен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңы бойынша ақпараттық оқыту түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Оқу үрдісіне барлығы 223 медбикелер, фельдшерлер, акушерлер қатысып, МӘМС жүйесі туралы білімдерін тереңдетті. Барлық қатысушыларға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы әр адам білуі тиіс!» атты брошюралар таратылды. Медбикелерді толғандырған сұрақтарға толық жауап берілді.

2017 жылдың 30 мамырында «Б.Құндақбаева атындағы орта мектептің» мәжіліс залында педагогтар ұжымы мен ата-аналар арасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңы бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Кездесуге «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының» Алматы облыстық филиалы директоры Н.И. Усентаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.М. Сулейменова, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Д.Ш. Нусипова, аудандық орталық аурухана директоры М.С. Абдыгалимов, аудандық жұмыспен қамту бөлім мамандары, аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің тілшілері қатысты. Жиынға Н.И. Усентаева МӘМС туралы презентациялық ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Барлығы 203 білім саласының қызметкерлеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы әр адам білуі тиіс!» атты брошюралар таратылды.