Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Маратұлы емделіп жатқан балаларды қуантты. Оларға наурыз коржыны деп сыйлық таратты. 15 бала мен ата - анасына мерекелік көңіл күй сыйлады. Келе жатқан Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тіледі. Мамандардың айтуынша, науқастарға жақсы көңіл күй сыйлау, олардың тез сауығуына септеседі. Ата-аналары мұны ескеріп, елеген аудандық аурухананың басшылығына ризашылықтарын білдірді. Дәрігерлердің істеріңе сәттілік тіледі. Биылғы Наурыз табысты болсын деп мекеме директорына ізгі тілектерін жеткізді.