ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» МКК-да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, медициналық қызметтің сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әрі - ҚЫЗМЕТ) жұмыс істейді.
Директордың бұйрығымен ҚЫЗМЕТТІҢ құрылымы мен құрамы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Қызметті директордың  сапа жөніндегі орынбасары басқарады. Қызметтің құрамына келесі мамандар кіреді: сарапшы - дәрігер, клиникалық фармаколог, эпидемиолог дәрігері, БАҚ мониторингі жөніндегі маман. Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметінің жұмысы директор  бекіткен Ережемен реттеледі.
Мақсат:

  • Емделушінің уақытында, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алу құқығын қамтамасыз ету.
  • Емделушілер шағымдарының «осында және қазір» принципі бойынша жедел шешілуін қамтамасыз ету.

Міндет: Аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіру.
Функциялары:
— бөлімшелер қызметінің өз үдерістерін және рәсімдерін бағалау, денсаулық сақтау аясындағы стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды қолдану бойынша тиімділігін талдау
— аурухана ішіндегі комиссиялардың қызметін талдау
— аурухана әкімшілігіне тиісті басқару шешімдерді қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпаратты ұсыну
— қызметкерлер құрамын медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек көрсету
— сапаны жақсарту және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы қызметкерлердің пікірлерін зерделеу және қызметкерлер құрамын хабардар ету
— медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау
— сауалнама жүргізу арқылы емделушілердің медициналық қызметтің деңгейіне және сапасына қанағат болу дәрежесі зерделеніп, емделушілердің мәселелерін (шағымдарын) олардың пайда болғанына қарай сол жерде, бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешу
— азаматтардың тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережелерінің сақталуын бақылау

Құрметті емделушілер!
 Егер Сіз:
— медициналық көмек көрсету сапасына қанағат болмасаңыз
— медициналық қызметкерлер құрамы тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз
— тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлермен ақша талап ету деректеріне тап болсаңыз
— сонымен қатар, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа күрделі мәселелерге тап болсаңыз, Сіздің ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар.

Аудандық емхана, 1 қабат, open space,  сағат 8.00-ден-13.00-ге дейін, сағат 14.00-ден-18.00-ге дейін, телефоны: 4-26-46

Сіздің өтініштеріңізді біз Сізге ыңғайлы кез-келген түрде қабылдауға дайынбыз:
Азаматтардың өтініштеріне арналған «ұсыныстар мен шағымдар» жәшіктері арқылы.
Аурухананың сайты арқылы http://koksu-bolnica.kz
Электрондық поштамен: crb_koksuЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сіз сенім телефондары бойынша хабарласа аласыздар.

Сенім телефоны: 4-26-46

Әділдік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен және Сіздің қалауыңыз бойынша Сіздің қатысуыңызбен қаралатын болады. Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап, белгіленген мерзімдерде жауап ұсынады.

Ізгі ниетпен, Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі!!!