Қөксу аудандық орталық аурухананың атқарылып отырған барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламаның және «Ұлт жоспарын-100 нақты қадам» бағдарламаның орындау аясында өткізіліп отыр
Ұлт жоспары — 100 нақты қадамның» 80-ші қадам — «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу». Жүйені практика жүзінде іске асыру денсаулық сақтау саласында қаржылық тұрақтылықты нығайту, мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершіліктерін арттырады, сонымен қатар, алғашқы медициналық - санитариялық көмектің басымдықпен дамуы, жеке медицинаның дамуы және медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен медициналық қызметтің сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан Қазақстан отандық медицинаны Европалық стандарттарға ұқсату мақсатында елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстарына дайындықты бастады. Осы бағытта Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы » Заң қабылданды
Осы мақсатта Аудан әкімінің 17 қараша 2016 жылғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша штаб құру туралы №190-о өкіміне сәйкес «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары барлық ауылдық округтерде ақпан айынан бастап жүргізілуде.
Атап айтқанда ,міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу халыққа көрсетіліп отырған медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жайында барлық ауылдық округтерде 219 кездесулер өткізіліп,28155 ересек азаматтар ақпараталынды ,және де аудандағы барлық медициналық ұйымдарда әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпарат бұрышы ұйымдастырылып,тұрғындар медициналық сақтандыру туралы толық мағлуматтарды толықтай алуда. Аудандық емханада LED теледидар арқылы медициналық сақтандыру туралы бейнероликтер ұдайы көрсетіледі.
2017 жылдың 5 сәуірінен бастап «Емханаға тіркел де, мәртебеңді анықта» атты маңызды іс-шара аудан көлемінде өткізілуде, осы аталған іс-шара аясында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен бірге ауыл округтерінің, жұмыспен қамту бөлімі мамандары аудан тұрғындарының мәртебесін анықтауда, оларға «МӘМС» туралы брошюралар таратылып, сұрақтарына жауап берілуде. Бүгінгі күні аудан медицина қызметкерлерімен 9598 аула аралау жұмыстары жүргізіліп, 40729 адамның мәртебесі анықталды, ал 9156 адамның мәртебесі анықталуда.
Емханадағы 3 теледидардан күнделікті МӘМС туралы 4 бейнеролик 48 рет көрсетіліп, күніне орташа 148 буклет таратылып, 182 инфографика улестірілуде. Емханада арнайы кабинет және телефон желісі бөлініп, тұрғындардың сұрақтарына ұдайы жауап берілуде, сенім телефонына 103 сұрақ беріліп, барлығына толық жауап қайтарылды. 30 сәуір, 14 мамыр күндері базар алаңына аудандық штаб мүшелерімен бірге тұрғындармен кесдесу өткізіліп, аудиожазбамен МӘМС туралы мағұлмат беріліп, 517-дей буклет таратылды. Мамырдың 22,24,26 күндері Балпық би ауылындағы сауда орындары мен автобекет, жайма базар, шаштараз орындарын аралап, саудагерлермен МӘМС туралы түсіндіру жұмыстары өткізіліп, брошюралар таратылды. Аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің 28 сәуір күнгі №17 нөміріне арнайы МӘМС туралы толықтай мақалалар басылып, шығарылды.
2017 жылы мамыр айында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің мамандарымен 100% медициналық қызметкерлер,яғни 70 дәрігер мен 245 орта буын медицина қызметкерлері МӘМС өзекті мәселері бойынша оқытылды.
Көксу ауданында 40709 тұрғын Көксу аудандық ауруханасына портал арқылы тіркелген, оның ішінде 11056 -і 14 жасқа дейінгі балалар, 1372-ы жасөспірімдер, 28136-і ересектер. Аудан халқына 125 орындық орталық аудандық аурухана, күніне 250 адам қабылдайтын емхана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік-акушерлік және 9 медициналық пункттер және 1 жекеменшік ТОО «Көксу Мед» атты емхана қызмет көрсетеді.
Осы аталған мекемелерде 75 дәрігер, 285 орта буын медицина қызметкерлері еңбек етеді. Олардың ішінде жоғарғы санатты 20 дәрігер, 95 медбике, бірінші санатты -6 дәрігер, 23 медбике, екінші санатты дәрігер-8, – 11 медбике бар. 2017 жылдың 6 айында 32 дәрігер, 54 медбике біліктілігін жетілдіріп, оқып келді. Дәрігерлердің санаттық көрсеткіші -45,3, ал орта буын медицина қызметкерлерінің санаттық көрсеткіші -.45,2 Халықты дәрігерлермен қамту көрсеткіші – 18,1, ал орта буын медицина қызметкерлерімен қамту көрсеткіші –69,5
Тұрғындарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес көрсетілуде. Атап айтқанда, 2017 жылдың 6 айында аудан дәрігерлері қабылдаулар 160319 жасап, (2016ж-156777) оның ішінде 8518 қабылдау үй жағдайында атқарылды (2016 ж-8419). Бір тұрғынға шаққандағысы -3,9 қабылдауды құрады (2016 ж – 3,8).
Ауылдық округтердегі халықтың денсаулығын тексеріп отыру үшін бағасы 83,5 млн тұратын Жылжымалы медициналық кешен-алынды. Онда дәрігерлік қабылдаулар, өкпені флюорографиялық тексеруден өткізу, ішкі органдарға ультрадыбыстық зерттеулер, зертханалық –диагностикалық тексерулер өткізіледі. Биыл осындай тексерулермен 13255 адам қамтылды.
Стационарды алмастыратын көмек аясында аудандағы 9 денсаулық сақтау мекемелерінде 39 орындық күндізгі стационарлар және 8 үйдегі стационарлар жұмыс істейді. Күндізгі стационарларда 2017 жылдың 6 айыныда –2013 науқас, (2016ж- 1930) үйдегі стационарда –200 науқас (2016ж- 360) сауықтырылды.
Алғашқы медициналық –санитарлық көмек көрсететін мамандардың жолдамасымен үстіміздегі жылы орталық аудандық ауруханада стационарлық көмек түрімен 2017 жылдың -2237 (2016 ж-2408) науқас емделіп, сауықтырылды. Бұлардың барлығына негізгі (өмірлік) аса қажетті дәрі-дәрмектер тізіміне сәйкес ауру түрлеріне қарай тиісті дәрі-дәрмектер тегін берілді. Ауруханадағы барлық зерттеулер мен науқастарға қажетті тексерулер, емдік процедуралар ақысыз жасалынды.
Ауруханада ауыр дәрежедегі науқастарға және сырқаты күрделі науқастарға уақытылы да толық қанды тексерулер мен емдеу шараларын іске асыру, жоғарғы мамандандырылған медициналық көмекпен қамту мақсатында 2006 жылдан бастап телемедициналық зерттеу бөлімі жұмыс істейді. Аталған зерттеу бөлімінің жұмысының нәтижесінде облыс орталығындағы білікті мамандардың кеңесімен 51 науқас емделді.
3 тоқсанға арналған міңдеттер
-2016-2020 жылға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламаның нысынылы индикаторларға қол жетілдіру
-элеуметтік медициналық сақтандыру аясында үгіт насихат жұмыстарын жалғастыру және де тұрғындардың мекемеге тіркелуін қадағалау
- Амбулаторлық-емханалық көмек өзгерістерін еңгізу- автоматтырылған бағдарламалардың сапасын арттыру
- Ана өлімін болдырмау
- -нәресте өлімін 1 пайызға төмендету
- Маман тапшылығын қысқарту аясында маман жәрменкесіне қатысу,және қайта даярлау курстары арқылы қажетті маман тапшылығын жойу
- ДСМ-нің 16 наурыз жылғы № 145 «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында ,аталған санаттағы адамдарды алдын-ала тексеруден толық өткізіп,аурулары анықталғандарды дер кезінде 85% сауықтыру ,қорытынды мәліметтерді база бойынша тіркеу;
- Ана мен баланың денсаулығын қорғау,әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын-алу сұрақтарын, медицина саласындағы басым бағыттар ретінде белгілеп,мына шараларды өткізу;
- Жалпы өлім-жітімді азайту мақсатында
- Учаскелік дәрігерлер –қатерлі ісік ауруына күдігін күшейту. Көзге көрінетін қатерлі ісікті І-ІІ сатыда анықтау;
- Асқынған сатыда анықталған катерлі ісіктің пайызын төмендету
- Қатерлі ісік науқастарды 5 жылдан жоғары өмір сүрүін қадағалау.
- Халық арасында – қатерлі ісік ауруларының алғашқы белгілері және дұрыс тағамдану, шылым шегуін шектеуі туралы санитарлық ағарту жұмысын арттыру;
- «медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізуережесін бекіту туралы бойыеша жұмыс атқару;
- Амбулаториялық-емханалық қызмет пен стационардың арасындағы байланысты жетілдіру,жоспарлы ауруханаға жатқызуды Портал арқылы іске асыру, ай сайын кемшіліктерді сараптау, қорытындысы бойынша тиісті іс-шараларды жүргізу .
- Жылды қортылап есеп жұмыстарын өткізу
- Ұлы Отан соғысының ардагерлерін кешенді медициналық тексеруден өткізіп, емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу;
- ҚР ДСМ-нің 25.04.2011 №218, 01.09.2000ж №550, 26.12.2008ж. №684 бұйрықтарын орындау барысында:туберкулезбен күресу сұрақтары бойынша, алкоголизм,темекі шегу, наркомания; сарыптың,вирустық гепатиттер мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың,эхинококкоздың алдын алу; жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алу; сусамырды ерте анықтау үшін халықты медициналық тексерулерден өткізу.
- Аудан көлемінде денсаулық күнін өткізу (спартакиада).