Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы 29 желтоқсан 2017 жылығы №1027 бұйрығына сәйкес бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау (бұдан әрі – БЖАЫҚ) – 5 жасқа дейінгі балаларға уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге, сырқаттанушылығын, өлімін, мүгедектігін азайтуға, сондай-ақ физикалық, психоәлеуметтік және эмоциялық дамуын жақсартуға бағытталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған стратегиясы негізінде Көксу ауданында 26 ақпан мен 02 наурыз аралығында ИКАТ бағдарламасы бойынша облыстық координатор Жакупова Айгул Нурдаулетовна орта буынды медбикелер арасында оқыту жүргізді.