ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Денсаулық жолы-2018» акциясын
Балпык би 2018ж. 10. 08.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының компоненті болып табылатын, салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру бойынша кешенді іс-шараларды іске асыру шеңберінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының сүйемелдеуімен «Денсаулық жолы - 2018» акциясын ұйымдастыру жоспарлануда.
Акцияның мақсаты – құрамында тұз, қант, транс майлары жоғары деңгейде кездесетін азық-түліктерді тұтынуды шектеу бойынша ақпараттандыру арқылы халықтың денсаулығын нығайту және сақтау, дененің артық салмағын төмендету үшін салауатты өмір салтына дағдыландыру.
Акция Көксу ауданы Балпык би кенті аудандық орталық аурухана ауласында жылжымалы медициналық кешен жұмыс жасап және терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық, қызмет көрсетеді. Акция барысында қамтылған адам саны 100 ден аса жәнеде іс шара барысында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сұрақ жауап өткізіліп жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтар берілді.