💊💊💊ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРІМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ? 💊💊💊

 

 

КӨКСУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫННЫҢ 2 ҚАБАТЫНДА 225-І КАБИНЕТТЕГІ МАМАНДАРДАН ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛА АЛАСЫЗДАР.

 

Диспансерлік есепте тұрған азаматтар дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тегін немесе жеңілдікпен ала алады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну керек, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы да өтінім беруге болады.

 

Egov.kz арқылы өтінім беру тәртібі өте қарапайым. Порталда электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе бір реттік құпиясөз арқылы авторизациядан өтсеңіз болды.

 

Қызметтің толық атауы - «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру».

 

Ары қарай қызметті онлайн алу батырмасын басып, дәрігердің берген медициналық рецептісінің берілген және аяқталатын күнін толтырыңыз.

 

5 минуттың ішінде өтінішіңіздің жауабы келеді.

 

 

 @zhetysupress