Көксу ауданының тұрғыны 1406 call орталығына хабарласып, жергілікті аурухана қызметкеріне  алғысын білдірді. Қазан айында үшемді дүниеге әкелген ана Ардагүл Әскербек Көксу аудандық ауруханасы директорының орынбасары

Майра Айтуарқызына ризашылығын жеткізген. Білікті маман балаға қажетті жабдықтармен сүт қоспаларын тегін және уақытылы  берілуін қадағалап отыр.

Сонымен қатар, көпбалалы ананың медициналық қызметке қатысты мәселелері болса, оларды шешуге үнемі қолдау танытады.

Жалпы, Ардагүл Әскербек  Көксу аудандық аурухана ұжымына да алғысын айтуда. Айтуынша,  медбикелер үнемі хабарласып отырады. Балалардың денсаулығы ақ халаттылардың жіті назарында.