Көксу аудандық ауруханасында 12 мамыр медбикелер күні қарсаңында "Ең үздік медбике" байқауы өтті. Ұжымдағы 14 мейірбике бақ сынады. Қатарында ауданға қарасты ауылдардағы амбулатория мен фельдшерлік пункт медбикелері де қатысты. Олар 5 кезең бойынша сайысып, өзара сынға түсті. Өздерін таныстырып, өнерлерін танытып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Үздіктердің үздігі болып бас жүлдені - емхананың медбикесі Мәншүк Бұршақбаева алды. Байқаудың қазылар алқасы екі 1-ші орын берді. Жан сақтау бөліміндегі Гүлім Әбдікәрімова мен балалар кеңесі бөліміндегі Дина Шыныбековаға 1-ші орын бұйырды. Қазылар алқасы өкілдерінің айтуынша, таңдау жасау оңай болмады. Өйткені, барлығы жоғары дайындықпен келген дейді. Сондықтан  әр орынға екі жеңімпаз анықтауға шешім қабылдаған. Айта кетейік, жеңімпаздар медицина қызметкерлері күнінде салтанатты түрде марапатталатын болады.