Халықаралық балаларды қорғау мерекесінде мүмкіндігі шектеулі балақайлар да назардан тыс қалмады. Көксу орталық аудандық ауруханасының кәсіподақ ұйымы мүшелері 2 мүмкіндігі шектеулі балаға "Денсаулық" шипажайына жолдама тарту етті.
Емдеу орталығы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында орналасқан. Аналары мен балалары 5 күн оңалтудан өтіп, тиісті ем-дом шараларын қабылдады. Олар Көксу орталық ауруханасының ұжымына және кәсіподақ ұйымына алғыстарын жеткізді. Жанашырлық танытқан дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі. Барлық бүлдіршіндердің аман болуын тіледі.