Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні. Ақ халаттылардың төл мерекесі қарсаңында Көксу ауданының мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Аудандық дәрігерлері бас қосты. Оларды Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы құттықтады. Ерекше маман иелерінің жұмыстарына табыс тіледі. 
 
Шара барысында Көксу аудандық орталық ауруханасының директоры Садықов Асқар Маратұлы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атты төсбелгісімен марапатталды. Дәл осындай медальді аудандық аурухананың балалар дәрігері Қалдыбаева Мабдуға Мұхатайқызы алды. 
 
Сондай-ақ, «Медицина саласына сіңірген еңбегі үшін» алғыс хатымен аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем фельдшері Диханбаев Дархан Серікұлы мен аудандық емхананың медбикесі Шерубаева Жанар Қыдырқожақызы алды.   
 
Салтанатты жиында бірқатар аурухана қызметкерлеріне алғыс хат табыс етілді. Дәрігерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында концерт ұйымдастырды. Жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, мереке көркін қыздырды.