"Қос қанат жетісу " мекемесі мен Көксу орталық аудандық ауруханасының қызметкерлерімен бірігіп, "Дұрыс тамақтануды насихаттау" акциясын ұйымдастырды. Олар халық көп шоғырланған аумаққа барып, халыққа дұрыс тамақтану ережелерін түсіндірді.
- Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
- Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
- Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
- Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
- Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
- Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
- Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Жалпы, мамандар тұрғындарға тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі екенін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.