Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Жақсы әдеттер» марафоны ұйымдастырылды. Шараға Көксу орталық аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жалпы тәжірибелі дәрігерлері және нарколог мейірбикесі жауапты болды. Акция барысында олар Көксудың орталық базарында тұрғындарға жаднама таратты. Есірткісіз болашаққа атсалысуға шақырды. Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес барлық аға буын өкілдерінің алдында тұрған үлкен міндет екенін түсіндірді. Жастар – ел болашағы. Сондықтан жаман әдеттің соңы жақсылыққа апармайтынын кеңінен насихаттап, жас ұрпақты жақсы әдеттерге баулу керектігін айтты. Айта кетейік, «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» БҰҰ-да 1997 жылы ресми бекітілген. Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі. Ғасыр індетімен қазір төтркүл дүние жұмыла күресуде.