Көксу аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері Президент Жолдауын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы ертеңге деген сенім артатын тарихи құжат болды. Мамандар әр айтылған бағыт-бағдарына кеңінен тоқталды. Аурухананың өкілдерінің мәліметінше, биылғы Жолдау медицина қызметкерлері үшін жағымды жаңалықтарға толы. Мәселен, Президент Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылмақ. Бұл 4 млн астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар, телемедицина бағыты дамиды. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады.
Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдірген жөн. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді. Басқосуда Көксу аудандық орталық аурухана қызметкерлері Президенттің халыққа Жолдауын қолдайтындарын жеткізді.