Көксу аудандық орталық ауруханасының директоры Жаннұр Сырымов бастаған бір топ аудандағы ардагерлерді қарттар күні мерекесімен құттықтады. Үйлеріне барып, сый-сияпаттарын табыстады. Оларға құрмет көрсетіп, жеміс-жидек себетін таратты. Мамандар 5 қария мен аудандағы көзі тірі жалғыз соғыс майдангері Николай Огневке барды.
Аурухананың директоры Жаннұр Мәуленұлы аға буынның денсаулығын сұрап, медицинаға қатысты өтініштерін тыңдады. Қарттар күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі. Ардагерлер елдің қазынасы екенін атап өтті. Сондықтан олар қандай да құрметке лайық екенін жеткізді. Ал, қариялар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ақ баталарын берді.
Сондай-ақ, Көксу аудандық орталық аурухананың аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын ұйымдастырылып, медицина саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды мерекелерімен құттықтады.