Көксу аудандық орталық ауруханасында физиотерапия және "емдеу медициналық оңалту" бөлімшесі жұмыс істейді. Өткен жылы мамандар 200-ге жуық тұрғынды оңалтудан өткізді. Мұнда неврологиялық, нейрохирургиялық, травматикалық және жүрек - қан тамырлары, ковидпен ауырған науқастар, буындарға ота жасалған науқастар ауруларынан кейін оңалту жүргізіледі. Бөлімше барлық қажетті медициналық құрылғылармен қамтылған. Мамандар күніне 100-дан аса науқасты қабылдауға қауқарлы. Емдеуші дәрігер емделушінің әл - ауқатын қысқа мерзімде жақсартуға көмектесетін оңалту бағдарламасын жүзеге асырып, бөлімшенің әр пациентімен жұмыс істейді. Дәрігерлерге тәжірибелі және білікті медбикелер көмектеседі. Жалпы, бөлімде
10-ға жуық маман халыққа қызмет көрсетеді. Жалпы, науқастарды оңалту әдісі - табысты емдеудің тиімді кілті болып есептеледі.