Көксу аудандық орталық ауруханасының Реаниматолог анестезиолог дәрігері ТІЛЕУБАЕВ ӘДІЛЕТ ТАЛҒАТҰЛЫ @adiqt Алматыда халықаралық сарапшылардың қатысуымен анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресіне қатысты.
Бүгінгі таңда анестезиология және реаниматология саласында заманауи технологияларды енгізу үшін, жалпы осы қызметті қарқынды дамыту және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анестезиология және реаниматология бойынша жаңа стандартты әзірлеуде.
Конгресс алаңында "экстракорпоралдық детоксикация", "Акушерліктегі анестезиология және реаниматология", "Анестезиологтардың жұмысы мен біліміндегі жаңа технологиялар" сияқты өзекті тақырыптар бойынша пленарлық отырыстар өтті. Онда Израильдің жетекші спикерлерінің баяндамалары ұсынылды. Дәріс тақырыптары тәжірибелі анестезиологтар мен реаниматологтар үшін өзекті және қызықты болды.
Шараға еліміздің әр аймағынан 1000ға жуық сала мамандары қатысты. Жиынның ашылу салатанына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният арнайы келді.