Бөлімше меңгерушісі жұқпалы аурулар дәрігері - ШӘКӘРІМ НАЙЗАЕВ.
Жұқпалы аурулар бөлімшесі типтік ғимаратта орналасқан. 20 боксты палаталары (Мельцер бокстары) бар. Бұл инфекциялық аурулармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялармен ауыратын науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Бөлімде 14 қызметкер жұмыс істейді. Қатарында бір дәрігер, 6 медбике және тазалықшы қызметкерлері.
Жұқпалы аурулар бөлімшесі науқастарды толығымен оқшаулау арқылы, ем жүргізеді. Сонымен қатар ауруханада инфекцияның алдын алу үшін барлық шаралар қолданылған.