Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн денсаулықтың маңыздылығы мен ауруды дер кезінде алдын алу қажеттігін еске салады.
Әр адам салауатты өмір салты, спорт, дұрыс тамақтану қағидаларын берік ұстанғаны абзал. Сондай-ақ дәрігерге уақытында қаралу, үнемі медициналық тексерістен өту және дәрігер кеңесіне құлақ асқан орынды.
Осы атаулы мерекеге орай Көксу аудандық орталық ауруханасында түрлі шара өтті. Ақ халаттылар спорттық флешмобқа қатысып, жаттығу жасады.
Қоғамдық орындарда тұрғындарға дұрыс тамақтану жайлы ақпараттарымен бөлісті. Қан қысымдарын өлшеп, бой мен салмақтары бойынша кеңес берді.