2017 жылдың 26 мамырында аудандық орталық мәдениет үйінде аудандық орталық аурухананың орта буын қызметкерлерін Талдықорған қаласындағы медицина колледж маманы Т.Б.
Корниловамен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңы бойынша ақпараттық оқыту түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Оқу үрдісіне барлығы 223 медбикелер, фельдшерлер, акушерлер қатысып, МӘМС жүйесі туралы білімдерін тереңдетті. Барлық қатысушыларға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы әр адам білуі тиіс!» атты брошюралар таратылды. Медбикелерді толғандырған сұрақтарға толық жауап берілді.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/117-mindetti-leumettik-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi-turaly-k-ksu-audanynda-tkizilgen-a-paratty-t-sindiru-zh-mystaryny-m-limeti.html#sigFreeId154bc8cb08
2017 жылдың 30 мамырында «Б. Құндақбаева атындағы орта мектептің» мәжіліс залында педагогтар ұжымы мен ата-аналар арасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңы бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесуге «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының» Алматы облыстық филиалы директоры Н.И. Усентаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.М. Сулейменова, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Д.Ш. Нусипова, аудандық орталық аурухана директоры М.С. Абдыгалимов, аудандық жұмыспен қамту бөлім мамандары, аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің тілшілері қатысты. Жиынға Н.И. Усентаева МӘМС туралы презентациялық ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Барлығы 203 білім саласының қызметкерлеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы әр адам білуі тиіс!» атты брошюралар таратылды.