Жаңа туылған нәрестелердің күтімі жөніндегі Еуропалық қор мен Америкалық қайырымдылық ұйымының бастамасымен, 17 қараша – шала туылған балалардың халықаралық күні деп аталады. Бұл мереке 2009 жылы алғаш рет халықаралық деңгейде тойланды.

 

Осы күнге орай, Көксу аудандық орталық ауруханасында  мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – шала туған балалардың ата-аналарына ақпараттық және психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, мерзімінен ерте туған балаларды бағып-күтуге қоғам назарын аудару.

 

Осы бағытта ұйымдастырылған іс-шараға мерзімінен ерте туған ата-аналар шақырылып, мекеме іс-шараның белгісіне айналған «күлгін» түспен безендірілді.       

 

Көксу аудандық орталық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары  З.Қ.Джаксенова  Аталмыш бастама шала туған балалары бар отбасыларында кездесетін қиындықтар мен проблемаларды шешу, оларға түсіністікпен қарап, қолдау көрсету керектігіне көпшілік назарын аударуға ықпал етті. Медицинада мерзімінен бұрын босану мен шала туылу өзекті мәселенің бірі болып табылатынын атап өтті.

 

Директордың ана мен баланы қорғау ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Ержаханова : Сәбилердің шала болып туылуына әр түрлі жағдай әсер етеді. Олар - жасы келіп, көтерген әйелдер, олардың денсаулығының нашарлығы мен болсануға қолайлы климаттық жағдайдың болмауы және т.б. Негізінен, сәбилер 2 келі 500 грамм салмаққа дейін шала болып туылғандар санатына жатады. Ал, мұндай салмақта туылып жатқан сәбилердің өте көп болуына байланысты олардың өмірлерін аман сақтап қалу үшін көп еңбек пен қаражат жұмсалады. Аудандық аурухананың  неонатолог мамандары мен барлық медицина қызметкерлері ең алдымен, шала туған балалардың өмір сүру сапаcын жақсартуды көздеп отырғандарын, мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилердің денсаулығының жақсаруына аудандық орталық ауруханада барлық жағдай жасалғанан айтып өтті.

 

Сонымен қатар, Келген ата аналарға «Шала туылудың алдын алу», «Репродуктивті денсаулықты қорғау», «Отбасын жоспарлау» тақырыптарында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.