«Көксу аудандық орталық ауруханасының» ұйымдастырумен аудан жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында есірткілерді, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдаланудың және құқық бұзушылықтар жасаудың салдары туралы ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сай 18.04.2018 ж Көксу ауданы З.Тамшыбай ауылының орта мектеп оқушыларымен аудандық емхана психологы Айнекова С және дәрігер нарколог Сатова Н қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, темекі шегудің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында темекі, есірткі алдын алу тақырыбында видеролик көрсетіліп, тренинг, сұрақ-жауап туылды, пікір-талас түрінде өткізілді. Қамтылған оқушылар саны – 80