27.04.2018 –  с 23 - 29 сәуір аралығында «Еуропалық иммундау апталығы» бағдарлама щеңберінде Балпық би ауылы аудандық емханада ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында дәрігер педиатр Г.Ф.Өмірзақова ата-аналармен «Екпе керек», «Екпе маңызды», тақырыбында оқу жүргізді. Сондай-ақ аудандық ауруханасының мәжіліс залында емхана, ауылдық дәрігерлік амбулатория, медициналық пунктер өкілдерінің қатысумен семинар треннинг өткізілді.