Көксу аудандық орталық ауруханасы мәжіліс залында 12 – мамыр «Халықаралық мейірбикелер күніне» орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс – шара барысында Көксу аудандық орталық ауруханасы директоры М.С.Абдыгалимов ақ халатты абзал жанды медбикелерді төл мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетіп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдірді. Салтанатты іс -шарада «Мейірбике ісінің ең үздік маманы» байқауы жеңімпаздары мен аудандағы денсаулық сақтау ісін жақсартуға қосқан зор үлесі мен аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нығайту ісіндегі еңбектері, қоғамдық қызметте белсендік танытқан қызметкерлер аудандық аурухана директорының «Құрмет грамотасы» , «Алғыс хатымен» марапатталды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/139-12-mamyr-khaly-araly-mejirbikeler-k-ni.html#sigFreeId4d2c8aeffa