Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі» туралы Заңының 56 бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлескен іс-шаралар туралы меморандумға қол қойған.


Бекітілген меморандум аясында Көксу аудандық орталық ауруханасы дәрігерлері Жылжымалы медициналық кешен арқылы Көксу аудандық әкімдігі мемлекеттік қызметшілеріне медициналық көмек көрсетіп, емдік кеңестер беріп, жыл сайынғы профилактикалық тексерістен өткізді.

 

Осы іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің уақытын тиімді пайдалануына жәрдем ету. Осылайша мемлекеттік қызметтің имиджі мен тартымдылығын арттыру болып табылады.