Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналуына байланысты, «2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлы нұсқада жүргізуге көшуге тиіс», - деп нақты атап өтті.


Елбасының жоғарыда аталған тапсырмасын аудан аумағында орындау мақсатында аудандық орталық емхана ғимаратында «Цифрлық сауаттылық пункты» бұрышы құрылды. Аталған бұрышта азаматтар дәрігерлер қабылдауына жазылуына, қажетті жағдайда дәрігерді уйге шакыру, аудандық ауруханаға тіркеуге тұру және басқа да қызметтерді алатын болады.


Емхана басшылығымен Цифрлық сауаттылық пунктіне арнайы жауапты маман бектітіліп, ем алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.