Халықты емханаға тіркеу кампаниясы

Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізудің басталатындығы туралы хабарлама «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» комерциялық емес акционерлік қоғам Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен тегін медициналықкөмек көрсету көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес 2019 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізудің басталатындығы туралы хабарлайды.

Тіркеу кампаниясы тек тегін медициналық көмек көрсету көлемі шегінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.

Азаматтарды тіркеу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарында (аудандық емханада) олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп,  «электронды үкіметтің» веб-порталы жүргізіледі. Аудандық емхананың тіркеу орнына келіп ,қызметкер ХҚКО жолдама алып электронды цифрлық қол таңба кілт алу қажет

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезінде жүргізіледі.