Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2014 жылғы 27 қантардағы №29 қаулысымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
Осы орайда Шарушылық жүргізу құқығындағы «Көксу аудандық орталық ауруханасы» «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қырқүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 07 тамыздағы №591 бұйрығымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы облысы бойынша 2019 жылғы 03 қантардағы №03-0119-00031, келісім-шарт бойынша келесі медициналық түрлерімен қамтамасыз етеді: дәрігерге дейінгі медициналық көмек,білікті медициналық көмек ,мамандандырылған медициналық көмек,медициналық әлеуметтік көмек,және келесі медициналық көмектің нысандарымен қамтамасыз етеді: амбулаториялық-емханалық көмек,алғашқы медициналық-санитарлық көмек,стационарлық медициналық көмек,стационарды алмастыратын медициналық көмек
Директордың орынбасары М.Канаева