Ағымдағы жылдың 14 қазан күні, сағат 12:00 тәрбие жоспарына сәйкес мектепішілік қыздар жиналысы барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Аудандық Жастар ресурстық орталығының психолог – маманы Мухаметкалиева Мадина Кайратовна және Орталық аурухананың дәрігер психологі Айнекова Салтанат Маратқызы, қамқоршылық кеңес төрағасы Асель Сейтбекова,мектепішілік әжелер алқасы Бақыт Исабекова,Галина Михайловна және сынып жетекшілердің қатысуымен «Үлгілі үйдің қыздар» тақырыбында қыздар арасында кездесу өтті. Мақсаты:Қыз балаларды әдептілікке, салауатты өмір салтын ұстануға,тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.