Жыл сайын 1 қазанан бастап Жіті респироторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымдық кезеңі басталды. Соған орай 2017 жылдың 20 қыркүйегінен бастап «Тұмауға қарсы егілейік»атты науқаны басталды. Осы аталған науқан шеңберінде ауданның атқарушы билігіндегі беделді тұлғалар, аудандық денсаулық сақтау мекеме басшылары мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы тұмауға қарсы егілді.

Атап айтқанда аудан әкімі А.Қ. Әділ, аудан әкімінің бірінші орынбасары Н.С. Кененбаев, маслихат хатшысы Ә.Р. Досымбеков, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.А Бейсенов, аппарат басшысы Ж. Бейсенбай, аудандық депутат Қ. Жүнісов, аурухана директоры М.С. Абдығалымов, қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы М.Б. Ажиева,«Нұрлы Көксу» газетінің редакторы М.Қ. Қаблисановтар егілді.

Осы науқан аясында аудан тұрғындары тұмауға қарсы ақысыз егілу мүмкіншілігі бар.