Тұмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу барысында, ең негізгісі – қарапайым қарым-қатынастық қағидаларды ұстану болып танылады. Тек осы қарапайым қағидалардың негізінде терең философиялық ой-тұжырым жатыр.
Осыған орай, ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» мекемесінде, емхана жағдайында «Денсаулық мектебі» мен «Саламатты өмір салты мектебі» өз жұмыстарын жоспарға сай өткізіп келеді.
«Жас аналар» мектебінде дәрігер гинекологтар Ә.А. Сариева және А.М. Омаровалар «Әйелдердің репродуктивті денсаулығы және гинекологиялық ауырулардың алдын алу», емделу жолдары мен саламаттылық пен денсаулық қағидалары туралы ақпараттық мәлімет беріп отырады. Әлия Абдүәлиқызы мен Арайлым Мейрамқызының пациенттерге мәлімет беру барысында, өздерін нағыз кәсіби маман ретінде танытуы мен қатар, жоғары қарым-қатынастық құзреттіліктері мен мәдениеттліктерін танытып отырады. Кішпейілділік пен шынайы жанашырлық, қамқорлық пен мейірімділік қасиеттерін айқын көрсете отырып, дәрігерлердің берген кеңес-нұсқаулары мен ережелердің орындауын қатаң талап ете біледі. Дәрігерлердің өз істеріне аса жауапкершілікпен қарайтындарын байқаған пациенттер, олардың қойған талаптары мен кеңес-нұсқауларын уақытымен орындауға тырысады. Денсаулықты бақылау, басқару бағдарламаларымен қатар, мектепте жас аналардың психологиялық құзіреттіліктерін көтеру негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Отбасындағы заманауи әйелдің орны, оның отбасындағы береке мен бірліктің негізі бола отырып, әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің, жасампаздық пен оркениеттің діңгегі екенін, әр жас ананың сезінуіне зор ықпал етеді деген сенімдеміз.
Әр отбасы озара сүйіспеншілік пен үндесіп өмір сүреді, егер жоғарыдағы қасиеттерді ана өз баласының бойына сіңірте білсе.
Өкінішке орай, жиі, жас әйелдер тұрмыс құрған кезде, күйеуінің ағайын туысын, ол отбасының тұрмыстық салт-дәстүрін қабылдауға дайын болмай шығады. Сондықтан, көп келеңсіздіктерге, түсініспеушілікке, зорлық-зомбылыққа ұшырап, ажырасып жатады. Ал, аталған мектепте, құндылықтар туралы ақпараттық мәлімет берілуімен қатар, өмірлік тәжірибеден алынған ситуациялық жағдаяттар ортаға салынып, сараптамалынады. Жағдаяттар талқыланып, шешу барысында «оң», «сол»; «дұрыс», «бұрыс» жақтарына баға беріліп, өз шешімдерін тауып жатады. Ең ұтымды шешілген жағдаяттарға, жағдаятты ұсынған қатысушы алғыс айтып, ду шапалақ арқылы жағымды әсерлерін білдіріп жатады. Осылай, емхана жағдайында ұйымдастырылып отырған «Денсаулық мектебі» мен «Саламатты өмір салтын ұстану мектебі» тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда өз үлесін қосып отыр.
ШЖҚ «Көксу аудандық
орталық ауруханасы»
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/200-t-mysty-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu.html#sigFreeId29d83cd438