Статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы 10 жылда елімізде 15-19 жас шамасындағы отыз қыздың біреуі жүкті болып қалады екен. Тіпті, кәмелеттік жасқа толмаған қаракөздеріміздің арасында түсік тастау көбейіп келеді. Ауруын жасырған өледі, оның ішінде масқарасы, сырбойылық сұлулардың саны аз емес. Ерте жыныстық қатынасқа түсудің нәтижесінде өңірде сифилис ауруымен ауыратындардың қатары артқан.

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Көксу аудандық орталық аурухана қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізді. "Балауса" қыздар ұйымымен жиын ұйымдастырылды. Басқосуға аудандық орталық аурухана психологы Айнекова Салтанат Маратовна және гинеколог дәрігер Аканова Гульнур Еркиновна қатысты. Олар қыз балалардың жеке гигиенасы,сенім жәшігі туралы айтты.