Бұл жаңа вирус емес, коронавирустың өзгерген нұсқасы. Штамнан қорғану жолдары стандартты, яғни әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағу. Мамандар жалпы короноіндеттің кез-келген штамынан қорғануға вирусқа қарсы вакциналар септесетінің айтады.
Ескере кететін жайт, бұл вакцинаны алғандар да бұл штамды жұқтыруы мүмкін. Бірақ "дельта" штамы секілді вирус жұқтырған адамдарда ауру жеңіл формада өтеді", - дейді, ақ халаттылар. Сондықтан дәрігерлер барлық тұрғындарды екпе алуға шақырады. Сондай-ақ, сақтық шараларын естен шығармауды қаперге салады.