ЭКЛАМПСИЯ ПРЕЭКЛАМПСИЯ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК БҰЛ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?

 

Көксу аудандық орталық ауруханасы қызметкерлері осы тақырып аясында өзара шеберлік сағатын өткізді. Перзентхана бөлімінің мамандары бұл диагноз анықталғанда, алғашқы көмек көрсету жолдарын көрсетті.  Бұл саланың кәсіби қызметкерлері әріптестеріне мұндай жағдайда  жүкті келіншекке психологиялық қолдау көрсету керектігін алға тартты. Айта кетейік, тәжірибе шыңдауға бағытталған шараға аудандық перзентхана бөлімінің меңгерушісі Айжан Өмірзақова  мұрындық болды.

Оның айтуынша, жүктіліктің жеңіл формадағы бұл асқынулары әйелдердің 3% кездеседі. Бұл көбіне анасы мен нәрестенің денсаулығына айтарлықтай әсер етпейді.  Ал, преэклампсияның ауыр формасы жүкті әйелдердің 1-2% болады. Бұл кезде, ең алдымен бүйрек, бауыр, қан ұйыту жүйесі және ми, сонымен қатар бала жолдасы зақымданады. Ана мен бала өміріне қауіп төнеді. Сондықтан тәжірибелі маман жүкті келіншектер мұндай кезде  дабырға салынбай, сабырлық сақтауға және дер кезінде медицина көмегіне жүгінуге шақырады.