Көксу аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері қос әріптестерін зейнетке шығарып салды. Алшынбекова Ғалия Букеевна мен Пагутяк Галина Николаевнаға құрмет көрсетіп, салтанатты жиын өткізді. Аудандық аурухана басшысы Асқар Маратұлы  ұжымын алғыс айту күнімен құттықтап, қос зейнеткерге сәттілік тіледі. Бірі - УЗИ дәрігері болса, екіншісі - эпидемиолог дәрігердің көмекшісі болды. Екеуі де ресми зейнетке шықса да, ауруханада қызметін жалғастырды. Директор екеуінің еңбегі зор екенін атап өтті. Оларға ұжым атынан алғыс айтып, сый-сияпаттарын табыстап, құрмет көрсетті.