Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Маратұлы емделіп жатқан балаларды қуантты.  Оларға наурыз коржыны деп сыйлық таратты. 15 бала мен ата-анасына мерекелік көңіл күй сыйлады.  Келе жатқан Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тіледі.  Мамандардың айтуынша, науқастарға жақсы көңіл күй сыйлау, олардың тез сауығуына септеседі. Ата-аналары мұны ескеріп, елеген аудандық аурухананың басшылығына ризашылықтарын білдірді.  Дәрігерлердің істеріңе сәттілік тіледі. Биылғы Наурыз табысты болсын деп мекеме директорына ізгі тілектерін жеткізді.