«Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні» айлық аясында, Көксу аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері оқушылармен кездесті. Дәрігер-фтизиатр, білікті маман Желдікова Бибігүл балаларға құрт ауруының қауіпі мен алдын алу шараларымен бөлісті. Оның ақпарынша, жыл сайын жер бетінде 10 миллион адам осы дертке шалдығады. Оның миллиондағаны індеттен көз жұмады. Аурудың белгілері: үздіксіз жөтел, температураның 37 градусқа дейін көтерілуі, шаршаңқы сезіну, салмақ тастау. Аталған симптомдардың бірін байқасаңыз бірден дәрігерге жүгіну қажет. Бұл ретте, дәрігер медициналық тексеруден (флюрография) өту маңызды екенін түсіндірді. Кездесу барысында ақ халаттылар оқушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/796-tuberkulez-auipti-dert.html#sigFreeIdb5e2e1ade4