Көксу аудандық орталық ауруханасына 28 тұрғын келіп, медициналық тексеруден өтті. Флюрографияға түсіп, қауіпті дерттің бар-жоғын анықтады. Сондай- ақ, аудандық аурухана қызметкерлері  денсаулық сақтау мекемесіндегі дәрігерлер қабылдауына келген тұрғындарға ақпараттық қағаздар таратты. Құрт ауруының қауіптілігі мен алдын алу шарасы қамтылған жаднамаларды берді. Айта кетейік, аурухананың ұжымы Дүниежүзілік туберекулезге күрес айлығы аясында көптеген іс-шаралар өткізді. Ауыл-аймақтағы мектеп оқушыларымен кездесу де ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты мен сауалнамалар жүргізілді. Ақ халаттылар балаларға "туберкулез" ауруы жайында кеңінен ақпарат берді.