КӨКСУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛАДЫ
Денсаулық сақтау мекемесінде эндоскопиялық ота жасау күннен-күнге дамып келеді. Бұл әдістің басты ерекшелігі - пышақ тигізбей опреация жасалады. Оны хирург Руслан Теңізбаев пен тәжірибелі, білікті маман Самат Орымбаев іске асырады. Ақ халаттылар бүгінде түрлі ішек, асқазан, бауыр, өт және т.б. ауруларға жасап жатыр. Аталған операцияларға мұқтаж аудан тұрғындары облыс орталығына сабылмайды. Талдықорғанға барудың қажеті жоқ. Көксу аудандық аурухасында осы қызметті алуға болады. Жалпы, эндоскопиялық отаның тиімділігі - науқас тез аяқтан тұрып, тез сауығып кетеді. Әрі кетсе бес күнде ауруханадан шығады. Қазіргі медицинаның басты мақсаты - осы. Науқастарға неғұрлым жеңіл әрі тиімді болатын ем түрін қолдану. Айта кетейік, жыл басынан ауруханада 15 эндоскопиялық ота жасалған.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/802-k-ksu-audandy-aurukhanasynda-endoskopiyaly-ota-zhasalady.html#sigFreeId67a122aeea