МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚАЖЕТ

 

Көксу аудандық ауруханасының қызметкерлері мәртебесі анықталмаған тұрғындармен кездесу өткізуде. Олар медициналық сақтандыру жүйесі жайында толық ақпарат беріп, тиімділігін түсіндіруде. Халықтың көкейтесті сұрақтарына жауап береді. Мамандардың айтуынша, ауданда қазір мәртебесі анықталмаған 8610 адам бар. Егер де олар мемлекет бекіткен жарнаны төлесе, кез-келген медициналық қызметті тегін ала алады. Бұл деген аталған төлемді төлемесе, қызмет көрсетілмейді деген сөз емес. Алғашқы көмек міндетті түрде көрсетіледі. Ал, ары қарай ем-дом курсын алу үшін МӘМС төлеу қажет.  

Айта кетейік, 2022 жылғы айлық есептік көрсеткішке сәйкес, қала тұрғындары  3 063 теңге төлейді. Ал, ауыл тұрғындары үшін бұл соманың жартысы қарастырылған. 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге төлем жасауы қажет.

Көксу ауданы ауруханасының өкілдері МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасады. Жалпы, ауданда 10 ауылдық округ 34 елді-мекен бар.