Көксу аудандық ауруханасы қызметкерлері ауған, чернобыль және интернационалист жауынгерлері үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Дәрігерлер аудандағы 45 ардагерді медициналық тексеруден өткізді. Мамандар оларға салауатты өмір салты бойынша кеңестерін ұсынып, қажетті қызметтерін көрсетті.

Ақ халаттылардың айтуынша, олардың ерен еңбектері мен табандылықтарының арқасында біз осындай бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Оларға деген құрмет көрсету біздің қасиетті борышымыз. Тарихымызды, өткенімізіді ұмытпау, қарттарымызды  сыйлау және оларға қамқорлық жасау – іс-шараның мақсаты да осы. Қарттарымыз үшін  біздің есігіміз әрқашан ашық – дейді, аурухана дәрігерлері.