31 мамыр - Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні

 

Атаулы күн қарсаңында "Біз шылымға қарсымыз" атты акциясы ұйымдастырылды. Көксу аудандық ауруханасының психологы, салауатты өмір салтын ұйымдастыру дәрігері,  психиатр және нарколог медбикесі бірігіп, адам көп шоғырланған аумақтарды аралады. Орталық базар, сауда нүктелері мен автовокзал және автобекетке барды. Ондағы тұрғындарға жаднамалар таратып, шылым шегудің денсаулыққа зиянын түсіндірді.  Жағымсыз әдетпен күресудің жолдары жайында кеңінен ақпарат берді.  Әлемдік статистикаға жүгінсек, әр төртінші еркек пен әр жиырмасыншы әйел никотинге тәуелді саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен көптеген елдер оған күреске барынша күшін салып келеді. Жыл сайын әлемде 7 миллион адам темекі салдарынан көз жұмады. Соның 890 мыңға жуығы өзгелер шеккен шылымның түтініне уланғандар. Олардың арасында темекі өсіретін елдерде тұратын балалар да бар.

 

Салауатты өмір салты - саулық негізі. Бұл ретте, аурухана қызметкерлері халықты спортпен шұғылданып, зиянды әдеттерден сақтануға шақырды.